Шымкент базарларында Coca-Cola-ның атын жамылып қолдан жасалған сусындар сатылған

Сағыныш Сардарова 16 сәу. 2026 16:09

Шымкентте Әділет департаментінің қызметкерлері Coca-Cola брендімен қолдан жасалған контрафакт өнімдерді анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әділет министрлігі мәліметінше, қала базарларында жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде Coca-Cola брендінің атын жамылып жасалған өнімдер сатылғаны анықталған. Бұл тексеріске The Coca-Cola Company компаниясының ресми өтініші негіз болған. Олар өздерінің құқығы бұзылғанын, қала сөрелерінде шығу тегі күмәнді өнімдер пайда болғанын хабарлаған.

"Жоспардан тыс тексеріс барысында контрафакт сусындардың ірі партиясын сату дерегі расталды. Өнімдерде қолдан жасау белгілері, таңбалау стандарттары бұзылғаны және тиісті рұқсат құжаттары болмағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, ​материалдар сотқа жолданды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove