Шымкент әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

Қаракөз Амантай 28 там. 2025 19:02

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Ержан Сейтенов тағайындалды. Ол бұған дейін қала әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасындағы мәліметке сәйкес, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес Ержан Сейтенов жаңа лауазымға тағайындалды.

Ержан Сейтенов 1974 жылдың 18 қыркүйегінде Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорғандағы темірбетон бұйымдарын шығаратын кәсіпорында жұмысшы болып бастаған.

2002–2016 жылдары жеке секторда түрлі жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2016–2021 жылдары Алматы қаласында жерді пайдалану мен қорғауды бақылау, жасыл экономика және тұрғын үй саясаты басқармаларының басшысы қызметін атқарды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар