Шымкент әкімдігі сәулет басқармасының басшысы ұсталғанын растады, деп хабарлайды Dalanews.kz zakon.kz-ке сілтеп.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, әкімдік аппаратының ресми өкілі Сәрсен Құранбек мәлімдеді.
Әкімдік хабары бойынша Арман Әбдешовтің тұтқындалу себебі бұрынғы жұмысына байланысты болды, яғни Шымкенттегі қызметіне қатысы жоқ.
"Әлеуметтік желіде тарап жатқан сондай ақпараттың бар екенін растаймыз. Бұл ол азаматтың, мемлекеттік қызметкердің біздегі, Шымкент қаласында атқарған жұмысына емес, осыған дейінгі орындаған жұмыстарына қатысты екенін мәлімдейміз. Құзырлы органдар тарапынан ол кісінің бұрыңғы атқарған қызметіне қатысты сауалдар туындағаны, соған қатысты мәселе туындағаны рас", – деді Сәрсен Құранбек.