Айта кетсек, бұл қысқы ойындар маусымының соңғы Чемпионаты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Универсиада, Азиада және Әлем біріншілігінде ел намысын қорғаған спортшылар үшін ағымдағы маусым жемісті болды.
– Соңғы уақытта ұзақ жылдар бойы жақсы көрсеткішке жете алмаған аймақтардан шаңғы жарысынан чемпиондар шығып жатыр. Мүның өзі жас жеткіншектер мен жастар арасында бәсеке туғызады. Осылайша қысқы спорт түрі дами түспек, – деді олимпиадалық резервтегі арнайыландырылған республикалық мектеп-интенат-колледж директоры Владимир Кнауб.
Сондай-ақ, бірер күннен кейін Риддерде биатлоннан ел чемпионаты басталмақ.