Шығыста оқушылар толықтай кітаппен қамтамасыз етіледі

Dalanews 21 там. 2017 10:41 843

2017-2018 оқу жылдарында Шығыс Қазақстан облысының білім ошақтарында оқушылар 100% оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілмек. Жаңа оқу жылында мектеп кітапханаларын толықтыруға 1 762,8 млн теңге қаражат бөлінген.



Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Нұргелді Әбжапаров мәлімдегендей, мектептерге 791 361 дана оқулық тапсырылды. Оның ішінде 2,5,7 сынып оқушылары биыл жаңартылған білім беру мазмұнына көшетіндіктен, 736 112 дана жаңа мазмұндағы оқулық алынған.
– Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы аясында 5 373 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткізілді. Жылдың аяғына дейін тағы 2,5,7 сыныптарға білім беретін тағы 4 000 педагог мамандарды курстан өткізуді жоспарлаудамыз. Оқу сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар бұнымен шектеліп қалмайды. Аймақта үш ауысымдағы мектептерді де жою үшін жоспар құрылуда, – деді Нұргелді Әбжаппаров.

Биылғы жылы ШҚО-да 7 мектеп салынуда. Семей қаласында және Үржар, Шемонайха аудандарындағы білім ошақтары биыл қолданысқа берілмек. Бұған қоса аймақта үш ауысымдағы мектептерді жою мақсатында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның үшеуінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.

 

 

https://dalanews.kz/29391

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар