Шығыста Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақтыларды қорғау күшейтілді

Dalanews 06 жел. 2022 14:53 655

Шығыс Қазақстан облысында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шыршаларды қорғау күшейтілді.

Өткен демалыс күндері Риддер қаласы мен Таулы Үлбі елді мекенінде рейд жүргізілді.

«Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерінен құралған мобильдік топ жалпыға ортақ жолдарды, күзетілетін аумақтарды «сүзіп» шықты. Бұдан бөлек көліктерді тоқтатып тексеретін үш бекет жұмыс істеп тұр», – деп мәлімдеді қорық қызметкерлері.

Рейд енді «Риддер орман шаруашылығы» КММ мен «Өскемен орман шаруашылығы» КММ аумағында жалғасады.

Мамандар заңсыз ағаш кескендер айыппұл арқалайтынын ескертеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар