Шығысқазақстандықтар V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында арқан тартыстан күміс жүлдеге ие болды

Dalanews 11 қыр. 2024 15:48 1843

Шығысқазақстандықтар V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында арқан тартыстан күміс жүлдеге ие болды,  деп хабарлайды Dalanews.kz Bizdin oskemen-ге сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысынан келген Қазақстан ерлер құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткізілген арқан тартыстан финалдық кезеңінде ресейліктермен күш сынасты.
Финалдық бәсекеде ресейліктер шығысқазақстандықтардан 2:1 есебімен басып түсті. Жеңіске жеткен Ресей Федерациясының құрамасы 3 миллион теңгенің сертификатына ие болды. Қазақстандықтар күміс жүлде мен екі миллион теңгенің сертификатымен марапатталды.
Қырғызстан құрамасы қола медаль мен бір миллион теңге табысталды.
Шығысқазақстандықтардың кәсіби бұл спорт түрімен айналысқандары жарты жыл болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар