Freedom Inside '26

Батыс Қазақстан облысында екі полицей қызмет барысында қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында екі полицей қызмет барысында қаза тапты
instagram.com/sadenov_online

Батыс Қазақстан облысында екі полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министр Instagram парақшасында марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері – полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полиция аға сержанты Нұрғали Әдиетовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", – деп жазды Ержан Сәденов.

Сондай-ақ ІІМ басшысы ведомство қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.