Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары – ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялары, облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері, құрылымдық бөлімшелер, ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің күштері мен құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да министрліктері мен ведомстволары қатысады. Оқу-жаттығудың басшысы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков.
Оқу-жаттығу екі кезеңде өтеді. Біріншісі кіріспе жұмысын қамтиды. ШҚО ТЖ департаментінің дағдарыс орталығында республикалық оқу-жаттығу штабы ашылды. Штаб отырысында жедел топ басшыларының баяндамалары, республикалық қызметтер бастықтарының есептері тыңдалды. Штабтық жаттығу АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындыққа келтіру, осы жағдайды басқаруды, жинауды, жинақтауды және талдауды ұйымдастыру, сондай-ақ қысқы күрделі метеорологиялық жағдайдың салдарын жоюға шешім қабылдау және құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жүйелі пысықтаумен өткізілді.
Жергілікті басқару органдары, ТЖ жөніндегі комиссия, АҚ қызметі осы жағдайға талдау жүргізді, төтенше жағдайлардың туындау қатерін жою бойынша шешімдер қабылдау және күштердің іс-қимыл нұсқаларын жоспарлау үшін ұсыныстар дайындады.
Оқу-жаттығудың бірінші кезеңі шеңберінде 11 қарашада өңірде теле-радиоарналарға қосылу және электросиреналарды іске қосумен құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізілді.
«Қыс-2021» РКШОЖ екінші кезеңі - оқу орындарында авариялық-құтқару жұмыстары іс жүзінде пысықталады.