Жалпы, өңірде балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін арттыру, оған материалдық қолдау көрсету он жолға қойылған.
Биыл «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында жергілікті меценаттар 1665 балаға қуаныш сыйлады. Акция аясында 5 жыл ішінде 10 мыңнан астам бала арманы орындалды.
Осылайша, аймақ басшылығы жергілікті демеушілерді балаларға қолдау білдіруге шақырып келеді.
Сонымен қатар, бүгінгі мереке қарсаңында «АҚЫЛДЫ AWARDS 2020»жүлдесінің жеңімпаздары анықталып, 5 бала жергілікті жоғары оқу орындарының тегін гранттарына ие болды.
– Аймағымыздың әлеуметтік дамуы ең басты кезекте – білім беру, балаларға әлеуметтік көмек көрсету саласына бағытталған. Осы ретте арнайы бағдарламалар мен жобалар қолға алынып келеді, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.