«Шеврон» COVID-19 вирусымен күресіп жатқан дәрігерердің біліктілігін арттыру жобасын қолады

Dalanews 14 шіл. 2020 03:27 910

«Шеврон» компаниясы Колумбия университетінің жанындағы ICAP орталығына коронавирустық инфекциямен (COVID-19) күрес жобасын іске асыру үшін грант бөлді. Жобаның серіктесі – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы.

Жобаның басты мақсаты – ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық мекемелердің инфекцияны диагностикалау, емдеу, алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша әлеуетін арттыруға қолдау көрсету болып табылады.

Жобаны Алматы қаласында іске асыру үшін ICAP Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен (ҚДСБ) ынтымақтастық туралы меморандумға және «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-мен ҚДСБ COVID-19 эпидемиясында әрекет ету жұмыстарына тартатын медициналық және медициналық емес жұмыскерлерді бірлесіп оқыту туралы меморандумға қол қойды.

10 шілдеде COVID-19 вирусын емдеу бойынша жаңа стационардың жұмысына жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге арналып жоспарланған онлайн семинарлардың екеуі өтті.

Кіріспе семинарларда COVID-19 эпидемиологиясына қатысты ақпарат беріліп, инфекцияның алдын алу және COVID-19 эпидемиясы жағдайында инфекциялық бақылау бойынша шаралар түсіндіріледі. Оған шағын және орта медицина персоналы арасынан шамамен 50 адам қатысқанын айта кетуіміз керек.


Семинарда жеке қорғаныс құралдарын кию және шешу дағдыларын нығайту бойынша тәжірибелік сабақтар «Халық Арена» кешенінде ұйымдастырылды. Алдағы семинарлар дәрігерлерге арналып, ақ халатты абзал жандар COVID-19 вирусымен ауырған пациенттерді күту мен емдеу бойынша біліктіліктерін жетілдіреді.

Ұйымдастырушылар бұл оқу орта және кіші медицина персоналының COVID-19 пациенттеріне көмек көрсету мен емдеуді ұйымдастыру, медициналық мекемелерде алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар өткізу мәселелері бойынша білімі мен дағдыларын арттыратына сенімде.

Сонымен қатар оқу барысында, медициналық персоналдың коронавирустық инфекцияны жұқтыруына жол бермеуде маңызды рөл атқаратын, медициналық қызметкерлердің стандартты сақтық шараларын орындауына және жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануына ерекше назар аударылады.

Қазақстан Республикасымен 27 жылдан астам бойғы серіктестік барысында «Шеврон» компаниясы жергілікті медициналық мекемелердің инфрақұрылымдарын жақсартуға және қазақстандық дәрігерлердің әлеуетін дамытуға бағытталған көптеген жобаларды іске асырып келеді.

Биылғы жылдың наурызында компания Алматы балалар инфекциялық ауруханасында COVID–19 вирусына шалдыққан пациенттерді емдеу үшін екі жоғары технологиялық ИВЛ (өкпені жасанды желдету) аппаратын орнатты. Сонымен қатар сәуір айында «Шеврон» ICAP орталығымен бірге Денсаулық сақтау министрлігіне Қытайдан COVID–19 бойынша мамандар делегациясының сапарын ұйымдастыруға көмектесті.

Мамыр-маусым айларында компания Алматы қаласы медициналық қызметкерлерін қорғау үшін 70 000 респиратор маска және 2 850 жеке қорғаныс құралдарының толық жиынтығын сатып алып тапсыруға көмектесті.


ICAP орталығы АҚШ, Нью-Йорк қаласындағы Мэйлман атындағы Колумбия университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің бөлігі. Орталық жұмысының негізгі мақсаты отбасылар мен қауымдастықтар денсаулығын жақсарту болып табылады.

Бүгінгі таңда ICAP 30-дан астам елде денсаулық министрліктеріне денсаулық сақтау жүйелерін нығайту, медицина қызметкерлерін оқыту, денсаулық сақтау саласында инновациялық әдістерді әзірлеу және іс жүзінде пайдалану саласында консультациялық-әдістемелік көмек көрсететін және ірі ауқымды зерттеу жобаларын жүргізетін ірі халықаралық ұйым.

Қазақстан Республикасында ICAP 2011 жылдан бері АИТВ инфекциялары бойынша бағдарламалардың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жұмыс істеп келеді.

Анна ДЕРЯБИНА

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар