6 наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының екі тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Олар әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілініп отыр.
"Тергеу материалдары бойынша ертеректе ұсталғандардың біреуі алыс шет елдерге шығып, шамамен сол жерде радикалды діни идеологияны қабылдаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған мәліметте.
ҰҚК басқа деректерді жария етпеді.