Шерзат ісі: Сотталушылар марқұмның отбасына 120 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді

Қаракөз Амантай 05 мау. 2025 16:59

Шерзат Болаттың өлімі бойынша сотталып жатқан айыпталушылар жәбірленуші тарапқа 120 миллион теңге төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Абзал Шынасыл әрбір жәбірленушіге 20 миллион теңгеден өтемақы төлеуі тиіс.

Равиль Сакиев – 15 миллион теңгеден, ал Шыңғыс Белқожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат және Нұрбол Тоқтаубаевтар, сондай-ақ Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 10 миллион теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты.

Сот отырысы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтті. Айыпталушылар орындығында тоғыз адам отырды, олардың бірі кәмелетке толмаған.

  • Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды.
  • Равиль Сакиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрқияс Ілиясов 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Шыңғыс Белғожаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Дархан Әскентай 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Дидар Қалиахмет 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар