Шерзат Болаттың ісі алқабилердің қатысуынсыз қаралатын болды

Қаракөз Амантай 10 сәу. 2025 14:28 788

Шерзат ісі бойынша күдікті деп танылғандар істі алқабилердің қатысуынсыз қарауды талап етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл ұстанымды Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов та қолдады.

Еске салайық, бүгін Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.

“Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады”, — деді Жоғарғы Сот.

Трансляция Жоғарғы Соттың YouTube арнасында өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін Жоғарғы сот Шерзат Болат ісі бойынша сот отырысы неліктен Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтетінін түсіндірген еді. 

“Айып тағылған тоғыз адам Талдықорғандағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Соған байланысты сот отырысы Жетісу облысында өтеді”, — деді олар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар