Шектеуге қарамастан қазақстандық ұшақтар Таяу Шығыс арқылы ұшқан

Сағыныш Сардарова 16 мау. 2025 15:41

Шектеуге қарамастан қазақстандық ұшақтар Таяу Шығыс арқылы ұшқан, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Екі ел арасындағы ахуалға байланысты Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливанның әуе кеңістігі арқылы ұшуға шектеу қойылғанына қарамастан, қазақстандықтар сапарын шегермей ұшып кеткен.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Парсы шығанағы елдеріне, соның ішінде Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшу барысында қиындықтар туындауы мүмкін екенін тағы бір қайтара ескертті.

"Бұған дейін жасалған ескертулерге қарамастан, кейінгі екі күнде БАӘ бағытындағы ұшақ борты жолаушыларға толы болған. Қажеттілік туса, ел азаматтары оралуы үшін Туристік қорға және әуе компанияларына жүгіне алады", - деді СІМ өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар