Бас көлік прокуратурасы экономикалық контрабанда дерегі бойынша жүк көліктерін әкелуге қатысты соталды тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қадағалау органы жүргізген талдау барысында елімізге Қытай Халық Республикасында өндірілген, құны 150 млн теңгеден асатын, экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк көліктерін жалған құжаттар арқылы заңсыз әкелу арнасы анықталған.
"Қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының соталды тергеп-тексеру басқармасы тергеп жатыр, кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.