Ауыл шаруашылығы министрлігін жиі сынға алып жүрген сарапшы Кирилл Павлов өзіне "жалған ақпарат таратты" деген айып тағылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, әлеуметтік желідегі парақшаларында егіс алқаптарына қауіп төндіріп жатқан шегірткелер туралы бірнеше жазба жариялағаннан кейін, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 456-2-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа шақыру қағазы келген.
Сарапшының жазуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі шегіртке шабуылынан Қазақстан бойынша 2,1 млн гектар жер зардап шеккен деп көрсеткен.
Алайда Павлов Жамбыл облысының өзінде ғана азиялық шегірткенің таралу аумағы 2,6 млн гектарға жеткенін атап өтті.
"Бұл – жай болжам немесе жорамал емес. Бұл – ұзақ уақыт жүргізілген бақылауларға, архивтік деректерге, спутниктік суреттерге және нақты көші-қон бағыттарына негізделген ақпарат. Аталған аймақтар шегіртке кесірінен жыл сайын зардап шегіп келеді", – деп жазды Кирилл Павлов.