Шайдоровқа «Барыс» ордені табысталмақ

Шайдоровқа «Барыс» ордені табысталмақ
Әлеуметтік желі

Михаил Шайдоров «Барыс» орденінің II дәрежесімен марапатталады, деп хабарлайды Dala News.

Тиісті шешімді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Мемлекет басшысы мәнерлеп сырғанаудан ел тарихындағы алғашқы Олимпиада алтынының жеңіп алынуын тарихи маңызы зор, орасан жетістік деп атады.

Президент спортшыға жоғары шеберлігі мен жеңіске деген қайсар ерік-жігері үшін алғыс білдірді.