Шахтинскідегі газ жарылысы: күдікті ұсталды

Шахтинскідегі газ жарылысы: күдікті ұсталды
Фото: instagram/vkyrse_shakhtinsk

Шахтинскіде болған газ жарылысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу дерегіне сәйкес, оқиға бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қаралып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл іске байланысты 40 жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталды. Қазіргі уақытта ол Шахтинск қалалық ауруханасында ем қабылдап жатыр және күзетпен бақылауда.

Дәрігерлердің рұқсатынан кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалады.