Шарм-эль-Шейх әуежайында қаза тапқан қазақстандықтың кім екені белгілі болды

Қаракөз Амантай 19 мам. 2025 10:14

Мысырдың Шарм-эль-Шейх әуежайында көз жұмған Scat әуе компаниясының жолаушысының кім екені белгілі болды. Ол – Қазақстанның ішкі істер органдарының ардагері Ақмарал Мұқанова, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ақмарал апа, сенің өмірден озғаныңа сене алар емеспін! Бұл қалай болғаны?! Бүгін Египетте менің анамның жақын құрбысы, менің кіндік шешем дүниеден өтті. Бұл оқиғаны сіздер жаңалықтардан естіген боларсыздар", — деп жазды журналист Анвар Шалекенов жексенбі күні әлеуметтік желідегі сторисінде.

KazTAG редакциясына берген сұхбатында ол Ақмарал Мұқанованың ұзақ жылдар бойы полицияда қызмет атқарғанын, зейнетке шыққаннан кейін Астанада тұрғанын айтты.

"Ол өте мейірімді, жүрегі кең жан еді", — деді Шалекенов.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар