Шардаралық спортшылар үздіктер қатарынан көрінді

Dalanews 05 желт. 2018 06:03 321

Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясында, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы қорытындысы бойынша жылдың «Үздік спортшылары» және «Үздік жаттықтырушылары» марапатталды.

Еліміздің ең мықты спортшылары, қаймақтары жиналған бұл марапаттауда Шардара ауданының «Шардара Армспорт» спорт клубының аға жаттықтырушысы Нұржан Төреқұлов Төрекулов «Үздік жаттықтырушы-2018» номинациясына ие болса , «Үздік спортшы — 2018» номинациясына 4 дүркін Әлем чемпионы, 5 дүркін Азия чемпионы Айдарxан Нұрдаулет ие болды.

Жалпы Шардара ауданында спортқа құмбыл көңіл бөленіде. Осы жерде баса айта кететiн нәрсе – ауданда 3 спорт мектебi бар. Белгiлi спортшы А.Сакиев басқаратын аудандық №1 балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi (БЖСМ) 2001 жылы құрылған. 2009 жылы бой көтерген №2 БЖСМ-дi күнi кешеге дейiн Ү.Ибрагимов басқарса, басшылық тiзгiндi таяуда Б.Ереханов қолға алды. Былтырғы жылы ауданда арнайы футбол мектебi бой көтердi. Белгiлi спортшы Е.Аманқұлов бастаған аяқдопшылырдың аяқ алысы әзiрге жаман емес.      

Аудан халқының дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысуына 161 спорт ғимараты мен алаңдар қызмет көрсетедi. Оның iшiнде 1 орталық  стадион, 24 спорт зал, 2 күрес залы, 1 қол күрес залы, 8 тир, 102 жазғы спорт алаңшалары, 20 жазғы  спорт алаңдары бар.  Биылғы жылдың 7 айында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмi аудандық №1, №2 БЖСМ-дер мен аудандық футбол мектебiмен бiрлесе отырып, 198 спорттық жарыстар өткiзген. Ол iс-шараларға 17678 адам қамтылды. Қазiргi таңда ауданда кенже қалған спорт түрлерiн дамыту, ауыл жастарын спортқа тарту және ауыл округтерiнде бұқаралық спортты дамыту мақсаттары тұр. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар