Шардарада балық өндіру ісі дамып келеді

Dalanews 15 қаз. 2018 16:29 1113

Түркістан облысы Шардара ауданында балық шаруашылығы өркендеп келеді. Ауданда балық шаруашылығының дамуына өңірлік балық шаруашылығын 2015-2017 жылдары дамытуға бағытталған іс-шара жоспары өз ықпалын тигізді десек болады.

Аталған жоспар аясында өңірде тауарлы балық шаруашылығын ашу жоспарлануда. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде балық өндіру көлемі үш жылда екі есеге ұлғайып 3800 тоннадан 8 мың тоннаға жетіп, өндірілген өнім Еуропа елдеріне экспорттауды көздейді. Бұл бағыттағы жұмыстарды қолдау үшін «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» 400 млн. теңге қаржы қарастырған.

‒ Балық өсіремін деп ниет білдірген әрбір кәсіпкерге бес жыл мерзімге жеңілдетілген пайызбен несиелер берілгені жөн. Бұған дейін облыстық бюджеттен балық азығының құнын арзандатуға 300 млн. теңге субсидия бөлінеді. Осылайша облыста балық шаруашылығы жанданып келеді, ‒ дейді сала мамандары.

Шардара қаласында орналасқан «Хамит» СТК балық өңдеу зауыты мен 387 гектар аумақты алып жатқан балық тәлім бағында бар. Зауыт басшысы балықты қабылдап алу, тазалау, балық филесін мұздатып, дайын өнімді қораптарға салу сынды процестермен таныстырды.

Бүгінгі таңда Шардарадағы «Хамит» СТК және «Шардара – 1» балық өңдеу зауыттары жұмыс жасайды. Бұл екі кәсіпорын жылына 3600 тоннаға дейін өнімін өндіретін мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек ҮИИДБ аясында 2 шағын балық зауыты мен бір балық өңдеу цехының құрылысы жүруде. Осы нысандар іске қосылған жағдайда қосымша жылына 700 тонна балық өндіріліп, 85 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бүгінде Шардара су қоймасында балықты торлы шарбақта өсіру әдісін қолға алуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар