Тывадағы іздеу операциясы қайғылы жағдаймен аяқталды. Енисей өзенінің жағасынан жергілікті тұрғындар баланың денесін тапқан, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өңірлік тергеу басқармасы марқұмның 1 шілдеде із-түзсіз жоғалып кеткен екі қыздың бірі болуы мүмкін екенін растады. Қайғылы оқиға Қызыл ауданына қарасты Сукпак ауылы маңында тіркелген.
Хабар түскеннен кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу аттанды. Құқық қорғау органдары аумақты қоршауға алып, жерді мұқият тексеруге кіріскен.
Мамандар кәмелетке толмаған баланың нақты кім екенін анықтауы тиіс. Ведомствоның мәліметінше, "тергеуші мәйітті тану бойынша қажетті тергеу әрекеттерін жүргізеді".
Криминалистер алдағы уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтаумен айналысады. Екінші баланың тағдыры туралы әзірге ешқандай ақпарат түскен жоқ.