Сержанттар кеңесі өтті

Dalanews 21 ақп. 2018 14:04 1219

Үстіміздегі жылы 17 ақпан күні Алматы облысы Боралдай елді мекенінде орналасқан Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басқармасында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Серік Исмаилов пен Қарулы Күштердің Бас сержанты Т.М.Халықовтың қатысуымен Әуе Қорғанысы Күштерінің сержанттар кеңесі өтті.

Сержанттар кеңесінде Түймебай елді мекенінде орналасқан 78460 әскери бөлімі базасында өткізілген Әуе қорғанысы күштерінің база және бригада сержанттарының командирлік даярлықтарын қорытындылау, сержанттар құрамының жауынгерлік даярлықтағы, оның ішінде атыс дайындығын іс жүзінде орындаудағы рөлі мен орны және сержанттар құрамының әскери тәртіпті нығайтудағы  үлесі және әскери тәртіпті нығайтудағы барлық санаттағы сержанттар құрамының Іс-қимыл алгоритмін енгізу мәселесі қаралды.

Өткізілген сержанттар кеңесінің отырысы барлық бригада, база сержанттарына жаңа бағыт-бағдар, бастама бере отырып, 2018 оқу жылына «Ұлы дала әскері – Мәнгілік ел тірегі» атты жауынгерлік сайыс ұранымен алға қойылған тапсырмаларды орындауға күш жігер берді.

Осылайша, кәсіби сержанттар құрамы өздеріне бағынысты сержанттар мен сарбаздар құрамын жауынгерлік даярлықта жоғары денгейде оқытып үйретуге дайын екендіктеріне көз жеткізді.

Еліміздің аспанын қорғайтын Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы Қазакстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы
Н.Ә.Назарбаевтың Қарулы Күштердің алдына қойған тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға дайын.



 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар