Freedom Inside '26

Сербия президенті Александр Вучич Астанаға келді

Сербия президенті Александр Вучич Астанаға келді
Үкіметтің баспасөз қызметі

Сербия президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сербия президентін әуежайдан ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланып отыр.

Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі. Былтырдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, $107 млн-нан асты.