Кездесуде құқық қорғау органдарын жүйелі реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс мәселелері талқыланып, қылмыстық процестің үш буынды моделі жағдайында жаңа форматтағы кадрларды даярлау бағыттары жөнінде келелі әңгіме қозғалды.
Академия бастығы, полиция полковнигі Айдар Сайтбеков оқу орнының атқарған жұмысы мен стратегиялық даму жоспары туралы баяндай келіп, өз сөзінде ведомстволық білім беру реформасы шеңберінде ішкі істер органдары үшін кадрлар даярлау бойынша ІІМ өткен бастамашылық жаңалықтар туралы хабардар етті.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы В.Волков полиция қызметін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан реформалаудың маңыздылығына тоқталып, полиция кадрларының барлық санаттарын сапалы жаңа деңгейде дайындауға ерекше назар аудару керектігін атап өтті.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева мен Сұлтанбек Алмасбекұлы Мәкежанов ІІМ Алматы академиясының ІІО қызметкерлерін даярлаудың практикаға бағдарланған бағдарламаларын енгізу мен қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті бағыттарды ескере отырып, оқу бағдарламаларын жобалау, оның ішінде қылмыстық сот ісін жүргізудің үш буынды моделіне көшу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту керектігін жеткізді. Академияға келген халық қалаулыларына Полицияның сервистік моделін, киберқауіпсіздікті, IT-технологиялар, тұрмыстық зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар көрсетілді.
Сондай-ақ, Сәуле Мұханбедианқызы өз сөзінде қылмыстармен күрес мамандарын дайындау үшін оқу орнын қазіргі заманғы технологиямен жарақтандыруды одан әрі жалғастыру басты маңызды құндылық екенін атап өтсе, академия бастығы Айдар Сайтбеков комитет мүшесі Сәуле Мұханбедианқызының көтеріп отырған мәселесімен алға қарай дами беру қажеттігін айта келе қазіргі таңда академияда жұмыс жасалып жатқанын жеткізіп, заманауи жаңартылған сол оқу аудиториялары мен мамандандырылған кабинеттері көрсетіліп, экскурсия жасалып, таныстырылды.