Сенатор Алматыда ҮЕҰ өкілдерімен кездесіп, пікірлесті

Dalanews 31 там. 2023 17:24 930

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева Алматы қаласында азаматтық қоғам, ҮЕҰ өкілдерімен және әлеуметтік қызмет алушылармен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халық қалаулысы алдымен «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында болып, көпшілікпен тілдесті. Кездесуде көп балалы аналар, мүгедектер және ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен пікірлесті.

Жүзедесуде мүгедектігі бар азаматтар мен сенатор баспана, жұмыс, такси қызметімен қамтып, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешу жолдарын сөз етті.

Бұдан басқа халық қалаусы Алматы қаласныда өткен «Әйелдер саясатта және азаматтық қоғамда» атты халықаралық конференцияға қатысып, әйелдер мен олардың ұйымдарының мемлекеттік басқарудағы рөлін, әйелдердің рөлі мен қатысуын арттыру стратегиясын әзірлеу қажеттілігінжайындағы оймен бөлісті.

Ләззат Қалтаева әйелдердің қоғамдағы орынын дамыту үшін азаматтық қоғам белсенділік танытып, ҮЕҰ өкілдерінен құралған депутаттармен ғана емес, сонымен бірге бүкіл депутаттық корпуспен өзара әрекеттесіп, өздерінің аналитикалық қызметтерін, баламалы ақпарат көздерін ұсынып, өзекті мәселелерді шешуде белсенділік танытуға мүмкіндік беруі керектігін атап өтті.

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар