Сенат ЕАЭО кеден аумағынан шығарылатын тауарлардың шығу тегін анықтаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялады деп хабарлайды Dala News.
Құжат Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында тауардың шығу тегін анықтау мен растаудың бірыңғай тәсілдерін енгізуді көздейді.
Келісім аясында тауарлардың шығу тегін анықтаудың ортақ ережелері белгіленеді. Сонымен қатар шығу тегі сертификаттарын тексерудің электронды жүйелері енгізіледі.
Бұл өзгерістер экспорттаушылар үшін кеден рәсімдерін жеңілдетіп, экспорттағы заңсыз схемалардың тәуекелін азайтады деп күтілуде.
