Семей қаласының намысты жігіттері қиын кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір жұдырыққа жұмылуда.
Індет кезінде елдің жағдайына бей-жай қарай алмай, «Жастар Семей» атты ұйым құрып, аз уақыт ішінде 3 миллион қаржы жинап, жағдайы төмен 300 отбасыға дәрі-дәрмек және азық-түлікпен көмектесіп үлгерді.
Сонымен қатар қазіргі уақтытта қаламыздағы дәріханаларда жоқ халыққа керек дәрі-дәрмектерді Ресейден әкеліп, ауырып жатқан жандарға және Жарқын ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға 200 мың теңге, Мұқыр ауылындағы амбулаторияға 300 мың теңге көлеміндегі дәрілерді жеткізіп берді.
«Осындай індет өршіп тұрған кезде, Семейдің нағыз азаматтарына алғыс білдіреміз. Бүгінде ауыл тұрғындары іздеп таппай жүрген дәрілерді бізге табыстап кетті. Енді өз кезегімізде ем іздеп келген жандарға беретін болдық" дейді участкелік дәрігер Айнагүл Мұстафина.
Сонымен қатар олар жиналған қаржыға Жарма ауданының орталығы Қалбатаудағы ауруханаға екі оттегі аппаратын табыс етті.
"Бұл оттегі аппарты бізге өте қажет еді. Әсіресе ауруханада жатқан адамдарға ауадай қажет екені айтпасақ та түсінікті. Намысты қолдан бермейтін Семейдің Жігіттеріне ризамыз" деп өз алғысын білдірді Жарма ауданының әкімінің орынбасары Талғат Батырұлы.
Пандемия кезінде ауыр жағдайда қалған және науқастанып қалған жандарға көмек көрсету негізінде құрылған "Жастар Семей" ұйымы тек дәрі дәрмекпен емес, азық-түлік ретінде де қолұшын беруде.
Ал дәріге қаржы таппай отырған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тек препараттарды дәрігердің рецептісін көрсеткен жағдайда ғана керекті дәрмектерді жеткізіп бере алады.
Бір айта кетерлігі күннен күнге ұйымның қатары жанашыр жандармен толығуда. Тек БІРГЕ БОЛҒАН жағдайда ғана індетті жеңе аламыз.
Kaspi Gold:5169497149098653 Жаныбек Сиязбекович
Сенім телефон номері: +7776 147 77 75
Қуаныш РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ