Құрылғылар Семей қаласымен, облыстағы аудандарға жіберілді. Тиыннан теңге құраған жандар ресейден 150 аппаратқа келісім шартқа отырған. Бірақ құрылғының жетіспеушілігінен тағы да тапсырыс беру көзделінген.
Вирусқа шалдыққан жандарға көмек көрсету негізінде құрылған «Халықтан халыққа» атты еріктілер ұйымының жетекшісі Дәурен Құлшығышев «Бұл аппараттарға Ресейлік дәрігерлер 10 жылға кепілдік берді. Және сол жердегі білікті мамандардың жіті бақылауынан өткен құрылғылар. Сапасы да жақсы» деп барша жанашыр адамдарды қиын кезеңде қол ұшын беруге шақырды.
Сонымен қатар Семей қаласындағы «Зекет» қорыда еліміздегі жағдайға бей-жай қарамай, халықыты иігілікті іске жұмылдыруға шақырып, "Өмірге үміт сила" шарасы аясында қазіргі уақытқа дейін жиналған қаржыға 22 оттегі аппаратын ресейден жеткізіп, Семейдегі және өңірдегі аудандардағы ауруханаларға табыс етілді.
«Әлі де аталған қорға мейірімді жандар тарапынан қаржы түсуде. Алдағы уақытта тағы да аса қажет аппаратты алу көзделінген» дейді «Зекет» қорының Семейдегі өкілі Біржан Аманжолов.
Ал өкпені жасанды желдету аппараттарын әрқайсының құны 420 мың теңгені құрайды. Үкіметтен мардымды көмек болмаған соң, індет өршіп, іс насырға шауып тұрған кезде, жұдырық болып жұмылып, игілікті іске атсалысуы еліміздегі азаматтардың бірлігін артыра түскендей.
ҚУАНЫШ РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ