Сәулетшінің айтуынша, Семейдегі Жамақаев көшесіндегі кеңістік қала орталығын жағалаумен байланыстыратын күрежолға айналады.
Бұл жоба қалада жаяу адамдардың барлық қажетіне ыңғайлы болады.
Жобада жаяуларға арналған ыңғайлы көше, ойын және спорт алаңдары, велосипед жолақтары, қоғамдық тамақтану орындары, сәулетті шамдар, автоматты суару жүйесі қарастырылған. Мұнда қала тұрғындарының қолайлы демалысы үшін арнайы орындар салынады.
Көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Қоғамдық кеңістікке әдемі көрініс беру үшін көпжылдық гүлдер егу жоспарланған.
Аталған жоба – Семей қаласының экологиясын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан тағы бір маңызды қадам. Қазір қалада оннан астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып жатыр.