Семейдегі аспалы көпір күрделі жөндеуден соң пайдалануға берілді

Ақтоты Жапатова 28 шіл. 2025 23:42

Семей қаласындағы Ертіс өзені үстінен өтетін аспалы көпір күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді. Қазіргі таңда көпірдің екінші бөлігінде де жөндеу жұмыстары толық аяқталып, көлік қозғалысы толықтай ашылды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Аталған жұмыстар Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен қолға алынып, 25 жылдан кейін алғаш рет кең ауқымда жүзеге асты. Жөндеу барысында көпірдің негізгі конструкциялары жаңартылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Семейліктер үшін стратегиялық маңызы бар бұл көпір қаланың екі бөлігін байланыстырып қана қоймай, транзиттік қозғалыс үшін де аса маңызды нысан болып табылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар