Осы сәтте Абай облысының өрт сөндірушілері Семей қаласындағы Шугаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында шыққан өртті сөндіруде, деп хабарлайды Dala news.
Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, хабарлама түскеннен кейін алты минут ішінде күштер мен құралдар оқиға орнына жеткен. Алғашқы бөлімшелер келген кезде ғимарат ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт өршіп, шатыр ішінара құлаған. Әкімшілік өкілдерінің мәліметінше, адамдар өздігінен эвакуацияланған.
Өртті сөндіру жұмыстары жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтінге байланысты күрделеніп отыр. Нысан периметрі бойынша су шашыратқыштар беріліп, биік техника арқылы су жеткізілуде.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген. Өртке қарсы қызмет жоғары ранг бойынша жұмыс істеп жатыр.
112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Өртті сөндіру жалғасуда.
