Семейде май зауыты ашылады. Ол 250 адамды жұмыспен қамтымақ

Dalanews 11 мам. 2020 08:23 935

Семейде жыл соңына дейін заманауи үлгідегі зауыт ашылып, 250 адамды жұмыспен қамтитын болады.

Құрылыс жұмысымен облыс әкімі Даниал Ахметов арнайы танысып, кәсіпорынды іске қосу қарқынын бақылап қайтты.

Жоба инвесторы «Qazaq-astyk group» ЖШС көп жылдар бойы бос тұрған ғимарат аумағында жаңа зауыт құрылысын бастап, бүкіл процесті іске қосуға   11 млрд теңгеден астам қаржы құйып отыр.



Жоспар бойынша зауыт күн сайын мың тонна тазартылмаған май өндіретін болады. Сонымен қатар түрлі концентраттар мен  күнбағыс қабығынан отын таблеткалары шығарылады. ⠀


Зауыт 6 өндірістік алаңға бөлінеді - тұқымдарды бір мезгілде ұзақ сақтауға арналған элеватор, шикізатты дайындауға арналған диірмен, майды тазарту цехы, автоматтандырылған қазандық, сондай-ақ дайын өнімді бір уақытта сақтауға арналған резервуар.

Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысындағы күнбағыс тұқымдарының 80% өңдеп, жақын шетелдерге де экспортталатын болады.



– Жарты жыл бұрын келгенімде мұнда ештеңе жоқ еді. Дегенмен, қысқа уақыт ішінде көп жұмыс атқарылғаны көрініп тұр. Әсіресе, инвестор Семейдің өзінен екенін ерекше атап өткім келеді. Бұл жобаға олар Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, өңдеу секторы мемлекеттің дамуы үшін өте маңызды бағыт. Бұл бірінші кезекте ішкі сұраныс проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, зығыр, рапс және күнбағыс егіс алқаптары кеңейтіледі, – деді өз сөзінде облыс әкімі Даниал Ахметов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар