Семейде бүтін бір отбасы құрылыс алаңынан табылған адам сүйегіне жан-жақты сараптама жасауды талап етті, деп хабарлайды dalanews.kz "КТК" телеарнасына сілтеп.
Айдын Нүриденұлы сегіз жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен. Қызының айтуынша, әкесі адам қаңқасы табылған "Пищевик" стадионында күзетші болып қызмет атқарған. Бір күні кезекшіліктен үйіне оралмаған.
Енді бала-шағасы табылған сүйектің бірі әкесіне тиесілі болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Дегенмен олардың бұл болжамы әзірге расталған жоқ.
Өйткені полиция қызметкерлері сот-медициналық сараптама шешімін күтіп отыр. Олар сүйек қай уақытта жерленгенін және туыстық қатынас бар-жоғын анықтайтынын алға тартты. Сонымен қатар, құрылыс жұмысы уақытша тоқтатылған жер телімінен ескі зират анықталмаған.
"Сол жерден сүйек табылды дегеннен кейін күдік болды. Сараптаманы тосамыз, бір-екі айда хабарласыңыздар деп айтты", - деді Меруерт Нүриденова.