Жыл басынан бері Қазақстан шекарасында жанар-жағармайды заңсыз шетелге шығаруға әрекеттенген 255 автокөлік анықталды. Бұл көліктерге жанармайды көбірек тасымалдау үшін заңсыз қосымша бактар орнатылған, деп хабарлайды dalanews.kz.
ІІМ мәліметінше, заң бұзғандардың 195-і – шетел азаматы, 60-ы – Қазақстан азаматы. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қосымша жанармай бактары алынып тасталғаннан кейін көліктер иелеріне қайтарылды.
Министрлік шекарадағы тексерулер әлі де жалғасып жатқанын, жанармайды заңсыз алып шығу әрекеттерінің жолы кесілетінін мәлімдеді.