Сайрагүл Сауытбай "Ерлігі үшін" халықаралық сыйлықтың иегері атанды

Dalanews 04 нау. 2020 12:05 829

Қытайдың этникалық қазақ әйелі Сайрагүл Сауытбай International Women of Courage Award (IWOC) халықаралық сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қытайдың Шыңжаң өңірінде тұрған Сайрагүл Сауытбай ұзақ уақыт бойы Қазақстанда босқын мәртебесін алуға тырысты. 2018 жылдың жазында ол тарихи отанын тастап, отбасымен Швецияға ұшып кетті.

Сауытбай алғашқылардың бірі болып Қытай Коммунистік партиясының Шыңжаңның байырғы этникалық топтарына қарсы жүргізген репрессиялық саясаты туралы ашық айтты, делінеді АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасында.


Бұл жүлде тағы 11 елдің өкілдеріне бұйырды.

Women of Courage Award (IWOC) халықаралық сыйлығы 2007 жылы тағайындалып, жыл сайын оны АҚШ Мемлекеттік департаменті көшбасшылық, батылдық және тапқырлық танытқан әйелдерге табыстайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар