Сайлауға қатысамын ба, жоқ па, оны партия басшылығы шешеді – Ерлан Саиров

Dalanews 19 қаң. 2023 14:32 921

Мемлекет басшысы Жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты болған Ерлан Саировтан бұған көзқарасын сұрадық, – деп хабарлайды El.kz.

– Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісті тарату жөнінде Жарлыққа қол қойды. Мұны дұрыс шешім деп есептеймін. Себебі, осыдан екі жыл бұрын елімізде саяси реформалар басталды. Бұл реформаны Мемлекет басшысы өзінен бастаған болатын. Президент бір мерзімге ғана сайланатын болды. Сол себепті, Мәжілістің болашақтағы жаңа құрамы Президент Тоқаевтың саяси трансформация бағдарламасының логикалық жалғасы, – деді.

Сондай-ақ, ендігі сайланатын жаңа мәжілісмендер мен мәслихат депутаттары кейбірі тікелей сайлаудан, енді бірі партиядан өтеді. Жаңа құрамның келуі ұрпақтар сабақтастығын көрсетеді деп санайды.

– Заман өзгеріп келеді, соған қарай қоғам өзгеруі керек. Бұл еліміздегі демократияны арттыратын қадам. Мәжіліс депутаты ретінде 2 жылдық қызметті де еңсердік. Осы уақытта заң шығару саласына терең бойладық, азаматтардың талап-тілектерін жан-жақты қарастыру басты міндет болды. Өзім сайлауға қатысамын ба, жоқ па оны партия басшылығы шешеді, – деді Ерлан Саиров.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар