Сауда орталығында "төрт әйелімен" жүрген ер адамға қатысты тың дерек шықты

Көркем Алдабергенова 23 сәу. 2026 17:52

Алматының полиция департаменті сауда орталығында "төрт әйелімен" жүрген ер адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы қаласының Полиция департаменті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында беттері тұмшаланған бірнеше әйелмен бірге қоғамдық орында жүрген ер адамның бейнесі бар бейнежазба анықталғанын хабарлады.

Тексеру нәтижесінде аталған роликтің коммерциялық түсірілім аясында дайындалған қойылымдық сипатта екені белгілі болды.

Сонымен қатар, жекелеген қатысушылардың әрекеттерінен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім элементтерін киюге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталды.

Жинақталған материалдар қаралып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға ескерту түріндегі жаза қолданылды. Сонымен қатар, олармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласының полициясы қоғамдық орындарда болу мақсатына қарамастан, заң талаптарын сақтау әр азамат үшін міндетті екенін еске салады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove