Сәтқалиев тағы да жазық жерде сүрінді

Dalanews 24 сәу. 2023 02:14 766

Осыған дейін ҚР Энергетика министрлігі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан ресейлік "Газпромынан" «арзан» газ сатып алып, оны еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне тарататын айтып, сүйінші сұраған еді.

Сәтқалиевтың Астанада отырып сүйіншілегені Мәскеудегі «Газпромның» бастықтарының құлағына жеткен. Несін айтасыз, арзан газға қатысты әңгіме «Газпромның» шымбайына қатты батса керек. Олар Сәтқалиевтың мәлімдемесін жоққа шығарып, хабар тартты.

Таяуда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев журналистерге ресейлік газ солтүстік және шығыс өңірлер үшін Қазақстанға Беларуське сатқаннан әлдеқайда төмен бағаға газ сататытын айтып, қауаншыты хабармен бөліскен еді. Сол сөзі бүгін Сәтқалиевтың басына таяқ болып тиді.

Күні кеше ғана «Газпромның» ресми өкілі: «ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Қазақстанға сатылатын ресейлік газ бағасына қатысты ақпарат құралдарына берген түсініктемесі шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз» деп қысқа қайырыпты.


Әлі келмеген газадың бағасын жұртқа жария етіп, ұпай жинауды көздеген министр осылайла ұятқа қалды. Мұның алдында Сәтқалиев өзінің Назарбаев әулетімен құдаласпағанын министрліктің баспасөз қызметі арқылы хабарлап, жұртты бір дүрліктірген еді.

Енді елге жетпеген газдың бағасын бірінші болып айтып, тағы да жазық жерде сүрінді.

https://dalanews.kz/del-qazir/88549-turkiiada-ar-3-minut-sayyn-bir-yelektroko

https://dalanews.kz/news/88534-qarapayym-boiauga-2-mln-tengge-zhumsamaq-b

https://dalanews.kz/news/88513-masimov-18-zhylga-sottaldy

https://dalanews.kz/kogam/88492-auyl-amanaty-auyl-turgyndarynyng-tab

https://dalanews.kz/news/88485-investiciialyq-ideiany-qalay-durys-tang

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар