Freedom Inside '26

Сәрсемәлиев ісі: сотта Ақбаянмен ажырасуына қатысты деректер айтылды

Сәрсемәлиев ісі: сотта Ақбаянмен ажырасуына қатысты деректер айтылды
ашық дереккөзден

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бір отбасының төрт мүшесін өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Айыпталушылар орындығында қаза тапқандардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

NewTimes.kz мәліметінше, Сәрсемәлиевке қатысты жаңа айыптау актісінде жәбірленуші тарап бұрынғы отбасылық қарым-қатынасқа байланысты деректерді де іске қосуды сұраған. Ақбаянның адвокаты Шынар Нұрмұратқызы оқиғаға дейін ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғанын айтты.

Қорғаушының сөзінше, отбасындағы келіспеушілікке Сәрсемәлиевтің әйелінің көзіне шөп салуы себеп болған. Осыдан кейін 2022 жылы Ақбаян Мұқанғалиева ажырасуға өтініш беріп, кейін олардың некесі ресми түрде бұзылған.

Сот отырысында судья Сәрсемәлиев пен Мұқанғалиева арасындағы некені бұзу туралы 2022 жылғы сот шешімін оқып берді. Құжатта Ақбаянның опасыздық жасаған адамға сезімі қалмағанын және онымен бірге өмір сүруді жалғастырғысы келмейтінін көрсеткені айтылған.

Сәрсемәлиев сол кезде соттың некені бұзу туралы шешімімен келіскен. Өтініш қаралғаннан кейін ерлі-зайыптылар ресми түрде ажырасқан.

Сот материалдарында тараптар арасында ортақ мүлікті бөлуге қатысты дау болмағаны да көрсетілген.

Жаңа айыптау актісінде бір эпизодтың құқықтық бағасы өзгергені белгілі болды. Бұған дейін іс материалдарында алаяқтық туралы айтылса, енді ол ұрлық бабына қайта сараланған.

Жәбірленуші тарап қылмысқа дейінгі жағдайлар істі қарау үшін маңызды деп санайды. Сондықтан олар осы деректердің сот материалдарында көрсетілуі қажет деген ұстанымда.

Сонымен қатар жаңа айыптау актісінен бұған дейін жеңілдететін мән-жай ретінде көрсетілген кейбір деректер алынып тасталған.