Сарыағаштағы зорланды делінген баланың әжесі мәлімдеме жасады

Dalanews 04 сәу. 2018 09:37 782

Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы «зорланды» делінген жеті жасар баланың ісіне қатысты бүлдіршіннің әжесі мәлімдеме жасады.

Бұл туралы nur.kz хабарлады.

«Немерем жоғары сынып оқушыларынан сексуалды зорлық көрді» деген әжей егер медициналық сараптама қорытындысы бойынша зорлық белгілері жоқ болып шықса, өзін қамауға алуға қарсы болмайтынын жеткізді.

Себебі, полицейлерге шағым түсірмес бұрын оған құзырлы органдағылар егер жалған арыз берілсе, оның жазасы болатынын түсіндірген екен.
«Егер мен өтірік жала жауып, балаға үйретіп жүрсем, қамай берсін. Мен баланың айтқанын айттым. Баламның мұңын мұңдадым»,

— деді әжей.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар