Сарыағаштағы қос ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді

Dalanews 17 жел. 2018 14:12 714

Сарыағаш ауданында «1 желтоқсан − Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күні қарсаңында 2 нысанның тұсауы кесіліп, ел игілігіне берілді. Дарбаза және Құркелес ауылдық округтерінде ауыз су жүйелері толығымен бітіп халық игілігін көре бастады.

Дарбаза ауылдық округінің Құрысай елді мекенінің 30 абонент, Құркелес ауылдық округінің Жаңаарық елді мекеніндегі 420 абонент толық ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Жалпы ауданда 154 елді мекен болса, оныӊ 69 елді мекені ауыз сумен қамтылған. Ал 2017 жылға 32 елді мекенге ауыз су тарту мақсатында жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.

Соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламалардың аясында ауылды жерлердегі ауыз су мәселесі оң шешімін тауып келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та өзінің әр жылдағы Жолдауларында ауылды жердегі халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесін жиі айтып келе жатқаны белгілі.

Иә, су – барынша шектеулі ресурс және оныӊ көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерініӊ бірі ретінде, қазірдіӊ өзінде геосаясаттыӊ аса маӊызды факторына айналып отыр.

Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздіӊ елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өӊірлер оныӊ зардабын қатты тартуда.

Бұл проблеманыӊ геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдіӊ өзінде біз трансшекаралық өзендердіӊ су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселеніӊ күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар