Жиынға «Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы «Түркістан облысының Цифрландыру орталығының» директоры А.Жанғұлов, директордың орынбасары С.Сембиев, аталған орталықтың бас менеджері А.Сүлейменов және Сарыағаш қаласының әкімі С.Сүлейменова, ауданның бөлім басшылары мен мамандары қатысты.
Аталған жиынның мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш қаласында «Smart city – Ақылды қала» атты жаңа кешенді жоба жасақталуда. Мұның басты мақсаты –тұрғындар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамдық тәртіп пен жол ережелерін сақтау, қоршаған ортаны қорғау. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы халықтың жұмысын жеңілдетіп, уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызуда.
Бүгінде Сарыағаш ауданында сандық форматқа көшу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізуде. Мәселен, қазіргі күні денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік, транспорт және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы сияқты маңызды салаларда бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі