Пробация қызметкері жұмысына салғырт қарады деген күдікке ілінді. Оған ауыр қылмыстың алдында шартты түрде жазаға кесілген Гайбназар Сайдалиевке тиісті түрде бақылау жүргізбеген деген айып тағылып отыр.
Айта кетейік, 2023 жылы 13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар Еркежан Нұрмахан жоғалып, кейін денесі сау тамтығы қалмаған күйінде көрші үйдің шатырынан табылған еді. Ал бүлдіршіннің өліміне бұған дейін де адам өлтірді деп айыпталып, 10 жыл түрмеде отырып шыққан көршісі күдікке ілінді. 7 қыркүйекте Түркістан облысында 5 жасар қызды аяусыз өлтірген педофилге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.