Шарджада қаза тапқан қазақстандық қыздардың әпкесі күдіктінің ұсталғанын айтты

Шарджада қаза тапқан қазақстандық қыздардың әпкесі күдіктінің ұсталғанын айтты
depositphotos.com

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында Қазақстан азаматтары Ақжан және Жұлдыз Бохановалар қаза тапты. Бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды dalanews.kz.

СІМ мәліметінше, қазір екі қазақстандықтың қаза болу жағдайын БАӘ-нің құзырлы органдары анықтап жатыр.

«Қазақстандықтардың қаза болу жағдайын БАӘ-нің құзырлы органдары анықтап жатыр», – деп хабарлады министрлік.

Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың отбасыларына қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, дипломаттар құжаттарды рәсімдеу және БАӘ билік органдарымен өзара байланыс орнату мәселелеріне көмектесуде.

Марқұмдардың әпкесінің айтуынша, іс бойынша күдікті ұсталған. Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде болжамды күдіктінің суретін көрсеткен.