Сапарбаев: "Қытайды емес, қазақты жұмыспен қамтуымыз керек"

Dalanews 07 шіл. 2016 09:53 733


Бердібек Сапарбаев Мэнь Лянькуге қазақ жұмысшыларын қысқартпай, басқа шығындардың қатарын азайтуға кеңес берді.






«Ақтөбе ақпарат» орталығының мәліметінше, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде мұнай кенішін бұрғылаумен айналысатын қытайлық «Ұлы қорған» компаниясының вице-президенті Мэнь Лянькумен кездесті. Екіжақты әңгіме барысында облыс әкімі қазақ жұмысшыларын қысқартпай, басқа шығындарды қаражат үнемдеуге кеңес берді.
Бердібек Мәшбекұлының ойынша, компания басшылары қаражат үнемдегісі келсе, іс-сапарлар санын қысқарту керек. Өйткені, компанияда жұмыс істейтін шетелдік мамандар өз отандарына жиі қатынайтын көрінеді. Сондай-ақ, компания қосалқы бөлшектерді Қытайдан сатып алады екен. Әкімнің пікірінше, бұл да компания үшін қосымша шығын болып отыр.

«Қазір үнеммен өмір сүру керек. Шетелдік мамандарды біздің елге тарту мәселесін қатаң қадағалайтын боламыз. Біз қазір өз азаматтарымызды жұмыспен қамтуымыз қажет. Компания 15 жыл бойы мол табыс тауып келді. Сондықтан, қазіргі дағдарыс уақытында құрылтайшылары қолдау көрсетіп, несиені төлеу уақытын созу керек. Қажет болса жарғыға өзгеріс енгізіп, өзге де қызмет түрімен айналыссаңыздар болады», – деді Сапарбаев кездесу барысында.

10 шілде күні «Ұлы қорған» ЖШС жұмысшылардың санын қысқартпау мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесе арнайы ұсыныстар әзірлеуі тиіс.

Дереккөз: «Ұлт порталы»




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар