Белсенді Санжар Боқаевтың адвокаттары оның Алматыдағы ҰҚК тергеу изоляторынан күтпеген жерден Астанаға этаппен жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қорғаушылардың айтуынша, бұл туралы олар Боқаевпен кездесу үшін изоляторға барған кезде ғана білген. Әзірге оны басқа қалаға қандай себеппен ауыстырғаны ресми түрде түсіндірілмеген.
Адвокат Артем Аскаров мұндай шешім сотқа дайындық жұмыстарына кедергі келтіретінін айтты. Оның сөзінше, Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі 28 қыркүйекте басталуы тиіс. Осыған байланысты ол Бас прокуратура мен Жоғарғы соттан жағдайға назар аударуды сұраған.
Санжар Боқаев 2026 жылдың наурыз айынан бері қамауда отыр. Оған аса ірі көлемде қаржы жымқырды, жалған ақпарат таратты және Баума тоғайындағы ағаштарды кесуді ұйымдастырды деген айыптар тағылған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Бокаев кейбір арандатушылық сипаттағы оқиғаларды өзі ұйымдастырып, кейін оларды заңбұзушылық ретінде әлеуметтік желілерде жариялаған. Алайда белсенді мен оның адвокаттары тағылған айыптарды жоққа шығарып келеді.
Санжар Боқаев Алматыдағы абаттандыру жұмыстарына қатысты сын-пікірлерімен және утильалымға қарсы қозғалысқа қатысуымен танылған.