Самат Әбіш Президент өкімімен қызметінен босатылды

Dalanews 17 қаң. 2022 06:51 811

Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды» делінген хабарламада.

Бұған дейін ҰҚК Самат Әбіш төрағаның бірінші орынбасары қызметінде қалатынын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, Самат Әбіш 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысында екені айтылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар