Айтбек Амангелді Жоғарғы сотқа Қуандық Бишімбаевқа қарсы азаматтық талап-арыз берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Іс сот кабинетінде жарияланған.
Талап-арыздың қандай негізде берілгені белгісіз.
Сот кабинетінің мәліметіне сәйкес, Айтбек Амангелді Жоғарғы сотқа қарындасы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевқа қарсы азаматтық талап-арыз түсірген.
Іс 17 наурызда судьяға берілген. Алайда талап-арыздың қандай мән-жайларға сүйене отырып берілгені белгісіз.
Еске салайық, бұған дейін қамауда отырған Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірген болатын. Бұған мекеме басшылығының оған жеңілдік жасамауы себеп болған.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзған жағдайда көтермелеу шаралары қолданылмайды.
"Бұл сотталушы бір рет заң бұзғанын ескере отырып, сот сотталушының шағымын қанағаттандырмады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Алайда Бишімбаевтың қандай заң бұзғаны айтылмады.
Айта кетейік, биыл 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.
Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.
Әйелін өлтіргені үшін 24 жылға қамауға алынған Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Бұған дейін ҚАЖК өкілдері колонияда экс-министр үшін қолайлы орын әлі бос емес екенін, сондықтан жұмысқа тұрмағанын мәлімдеді.